Жасанды интеллект (Artificial intelligence -AI) – бұл әдетте адамның интеллектуалды қабілетін қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті бағдарламалар мен жүйелерді құрумен айналысатын технологиялық құрал. Жасанды интеллект оқытуды, логиканы, жоспарлауды, сөйлеуді тануды, қабылдауды және т.б. қоса алғанда, есептерді шешуді имитациялауға және талдауға тырысады.
Қазақстан Респкбликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Бұл салада жаһандық бәсеке өте жоғары. Қазақстан осы үрдістен тыс қалмауы керек. Бұл-заман талабы. Сондықтан біз қазір озық технологияны дамытуға айрықша назар аударып отырмыз. Қазіргі міндет- еліміздегі IT-мамандардың, сарапшылардың, ғалымдардың басын қосып, олардың күш-жігерін тиімді пайдалану” деген болатын.
Жасанды интеллект арқылы жаңа контент құрудың қыр-сырымен бөлісу мақсатында 9 “Г” сыныбына “ЖИ-заман талабы” тақырыбында кітапханалық сабақ өтті.
Кітапханалық сабақ барысында оқырмандарға жасанды интеллект туралы ақпараттар айтылып, алгоритмдердің түрлері таныстырылды. Сондай-ақ, ЖИ-ге қатысты ситуациялық сұрақтар таратылып, оқырмандардың пікірі тыңдалды.
Қуаныш Гүлдана Мұртақызы
Д.Қонаев атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп-гимназиясының
кітапханашысы