2025-2026 оқу жылындағы мектепішілік жасөспірімдер пәндік олимпиадасының ашылуы
27-28 қазан күні мектебімізде 5-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік жасөспірімдер пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Оқушылар мен білім алушылардың білім-білік дағдыларын сарапқа салатын үлкен додаға өз қатарының алды болып жүрген 300- ге жуық өрендеріміз бақ сынады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен, шығармашылық қабілеттерін айқындаумен қатар, білім деңгейін анықтау басты назарға алынды. Жүзден жүйрік болып, оза шапқан оқушыларымыз мектеп намысын қалалық, облыстық кезеңдерде қорғайтын болады.
Жас ұландарымыз әрдайым жолдары ашық, тек биік шыңдарды бағындыра берсін деп тілейміз!!!






Қазақша
Русский