2025 жылғы 26 маусым күні қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері және мектеп – гимназиясының әкімшілігі қатысты.
Кеңес мүшелері аккредиттеу нәтижесі бойынша мектептің жетістіктерін жоғары бағалап, білім беру сапасының артуына үлес қосқан ұжым еңбегіне алғыс білдірді. Мектептің аккредитация аясында жинақтаған үздік тәжірибелері басқа білім беру ұйымдарына үлгі ретінде ұсынылып, әдістемелік тәжірибе алмасу бағытында жұмыстар ұйымдатылынсын деген ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, халықаралық жарысқа қатысатын оқушыларға арнайы сыйлықтар мен қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.
Қамқоршылық кеңесі мектептің дамуына бағытталған ұсыныстар мен шешімдерді талқылап, тиісті қаулы жасалды

Қазақша
Русский