2025 жылдың желтоқсан айының алғашқы күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады
2025 жылдың желтоқсан айының алғашқы күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия асханадағы құрал – жабдықтың орналасуынан бастап, барлық технологиялық процестердің бірізділігі мен ағымдылығын, шикі және пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің жанасу мүмкіндігін болдырмай, қызмет көрсетуге, жууға, дезинфекциялауға және жөндеуге арналған жабдыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігін қарады.
Шикізат және тұтынуға дайын тамақ өнімдері үшін бөлек технологиялық және тоңазытқыш жабдығы, өндірістік үстелдер, әріптік және түстік таңбалауды пайдалана отырып таңбаланған бөлшектеу мүкәммалы (инвентарь) және асүй ыдысы толық тексерілді. Сонымен қатар тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік шикізатының, тамақ өнімдерінің ілеспе құжаттамасымен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттарымен танысты.

Қазақша
Русский