25-қазан Республика күні!
Отанымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптейтін 25 қазан – Республика күніне орай мектеп гимназиямызда оқушылардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ел тарихына арналған өлеңдер оқып, ән мен биден шашу шашты. Талантты шәкірттеріміздің өнерлері баршамызды тәнті етіп, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.