7 миллион теңгеге жаңа кабинет жасақталды
2022 жылды мемлекет басшысы «Бала жылы» деп атаған болатын. Осыған орай мектебімізде 2022 жылдың 14 қаңтар күні қыз балаларға арналған үй шаруашылығы кабинеті (кабинет ДОМОВОДСТВО) ашылды. Заманауи HI-TECH стилінде жабдықталған жаңа кабинеттің ашылу тұсаукесері мектебіміздің ұлағатты ұстаздары, үлгілі аналар, өнегелі әжелер Романова Мейрамкүл Картаевна мен Сандыбаева Гульнара Танатовна кесіп, осы кабинетте қыз балаларға арналған іс тігу және ас әзірлеу бағытындағы үйірмелердің жетекшілері – технология пәнінің мұғалімдеріне, қыз балаларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Балалардың сапалы білім алуымен қатар саналы тәрбие алуы үшін қолайлы орта жасау – мектеп басшылығының әрдайым назарында. Жаңа үлгідегі ас үй жиһаздарымен, заманауи тұрмыстық техникалармен, балалар үшін қауіпсіз, экологиялық индукциялық пештермен, ыдыстармен жабдықталған кабинетте білім алушыларымыздың тұлғалық дамуы үшін тиісті жұмыстар атқарылады деп сенемін.





