Ақтөбе қаласы «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2021-2022 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу қорытындысы

2021-2022 оқу жылы 9,11 класс оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары оқу жылының 2-жартыжылдығынан бастап ұйымдастырылды. Ол үшін мектеп директорының 31.01.2022ж. №24.1. бұйрығымен мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Оның құрамына мектеп директоры А.А.Тажимишев – комиссия төрағасы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, жоғары санатты мұғалімдер кірді. Комиссия мүшелері емтихан тапсыратын кластардағы оқушылар тізімдері, пәндер, дайындық сабақтарының кестесін жасады. Сонымен қатар, пән мұғалімдерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 9,11 кластарда аптасына 1 сағаттан тіл, математика, орыс, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихынан дайындық сабақтары ұйымдастырылды. Қорытынды емтихандардың кестесі құрылып, емтиханға 70-тен астам пән мұғалімдері тартылды. Емтихан кестесінде емтихан күні, басталу уақыты, пәні, өткізу формасы, бақылау түрі, емтихан алушы мұғалімдер, ассистенттер, өткізілетін орны (аудитория №) көрсетілді. Сонымен қатар, емтихан кезінде әр қабатқа кезекшілер қойылып, мектеп ішінде тәртіп, тыныштық сақтау, емтихан басталуы, аяқталуы уақытында қоңырау соғылу, мектепте, емтихан өтетін аудиторияларда санитарлық талап-нормаларын сақталуы бақыланды. Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2021-2022 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың басшылыққа ала отырып, Облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары емтихан болатын күні сағат 07.00. де электрондық поштаға жіберіліп отырды. Оны уақытында қабылдап алып, оқушы санына қарай көбейтіп, баспаға шығару жауапты тұлғаларға міндеттелді.

Сонымен, 2021-2022 оқу жылында мектеп бойынша 9 кластарда барлығы 198 түлек (оның ішінде 42 оқушы орыс кластарда), 11 кластарда барлығы 51 түлек ( оның ішінде 16 оқушы орыс класында) бітіргелі отыр.

ҚР БҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы негізінде бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінің» 4-тарауының 50,51 тармақтарына сәйкес денсаулығында ақауы бар оқушылар емтихандардан босатылуы тиіс. Аталған тармаққа сәйкес осындай оқушылардың құжаттары дайындалып, бұл жөнінде қалалық білім бөліміне ұсынысхат жіберілді. Нәтижесінде ОББ 17.05.2022 ж №174 бұйрығы негізінде 9-кластарда 1 түлек денсаулығына байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарынан босатылды. Бұл оқушыға негізгі орта білім туралы аттестаттағы бағалары жылдық қорытынды бағалар негізінде қойылады.

9кластарда 197 түлек, 11кластарда 51 түлек жылдық қорытынды бағалалары бойынша 25.05. 2022 ж. №6 педкеңестің шешімімен мемлекеттік қорытынды емтихандарға жіберілді.

9кластарда емтихандар 28мамыр – 06 маусым аралығында кесте бойынша оқу тілі, математика, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері және 1 таңдау пәндері (Қазақстан тарихы, биология, география) бойынша ұйымдастырылды. Емтихан болатын күні мектептің электрондық поштасына келген құпиясөз көмегімен емтихан материалдары алынып, оны тиісті данада дайындалды. Емтихан материалдары аттестаттау өткізу ережелеріне сәйкес комиссия мүшелері қатысуымен пакеттен ашылды, атап айтқанда, эссе тақырыптары емтиханнан 15 минут бұрын, бақылау есептері 1 сағат бұрын ашылды. Емтихан материалдарының сәйкестігін тексеру барысында комиссия мүшелері  02 маусым күні ашылған пакетте 9 орыс кластарына арналған «География» пәнінен берілген жауап кілттерінен жіберілген қателіктерді дер кезінде анықтады, бұл туралы акт жасалды. Басқа емтихан материалдары уақытында, дұрыс алынып отырды. Әр емтихан күні материалдарды ашу рәсіміне комиссия мүшелерімен қатар, оқушылар да қатыстырылды.

Негізгі орта мектеп бітіруші түлектерден 21 түлек жыл соңында барлық пәннен «5» деген бағаға аяқтап, «үздік» аттестаттқа үміткерлер тізіміне ұсынылған болатын. Осы оқушылар барлық емтихандарда «5» деген бағаға тапсырып, жоғары деңгейдегі білімін көрсете алды.

11 кластарда 27мамыр – 10 маусым аралығында 5 емтихан өтті: оқу тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті және таңдау пәндерінен (география, биология, физика, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, әдебиет пәндері) бойынша ұйымдастырылды. Емтихан жұмыстары сол күні тексеріліп, емтихан, қорытынды бағалары хаттамаға енгізіліп, электрондық журналға қойылды.

 Мектеп бітіруші 11 класс түлектерінен 5 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 2 оқушы «үздік» аттестатқа  үміткер болды. Осы оқушылар мемлекеттік аттестаттау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, өз деңгейінде білімдерін көрсете алды. «Алтын белгіге» үміткер түлектердің қазақ тілінен эссе, алгебра және анализ бастамаларынан орындаған емтихан жұмыстары облыстық білім бөлімі жанынан құрылған комиссияда қаралды. Емтихан аяқталған бойда 15 мин ішінде ол жұмыстарды сканерлеп, комиссия почтасына электронды түрде жөнелтіліп және 2 сағат ішінде оқушы жұмысының түпнұсқасын комиссияның қарауына жеткізілді. Облыстық тексеру комиссиясының шешімімен  «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 5 оқушының жұмыстары жоғары балл жинап, «5» деген баға алды.

Қорытынды:

  1. Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылды.
  2. Емтихандар кесте бойынша, уақытында өтті.
  3. Емтихан материалдары, тиісті құжаттар уақытында рәсімделді.
  4. Емтихан мұғалімдері, класс жетекшілер, кезекшілер  міндеттерін жауапкершілікпен атқарды.

ДОІЖО        Садыкова Б.Х.