Ақтөбе қаласы, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ  туралы мәлімет

Ақтөбе қаласы, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ  туралы мәлімет

Тіркелген мекен-жайыАқтөбе қ, Қарғалы тұрғындар алабы 12А
Ашылған уақыты2016 ж
Мектеп директорыТажимишев Абзал Амантаевич
Мектеп территориясы жалпы аумағы 3,7404 га
Мектеп ғимаратының аумағы17 607,2 м2
Нысанның қызмет түріЖалпы білім беру ұйымы
Қолданыстағы инфрақұрылымМектеп типтік 3 қабаттан тұратын және 1200 орындық мекемеде орналасқан. Мектеп жалпы: – А блогы, оқу, әкімшілік; – Б блогы, білім беру; – В блогы, білім беру; – Е блогы, білім беру; – Д блогы, асхана және мәжіліс залы; – Е блогы, спорт залынан құрылған. А білім блогында оқу кабинеттері орналасқан. (дәрігер кабинеті, процедуралық бөлме); шет тілдерін үйренуге арналған кабинеттер; мектеп әкімшілігіне арналған кабинеттер; Б және B блогында оқу және мультимедиялық сабақтар бар, компьютерлік сауаттылық пен информатиканы оқуға арналған аудиториялар; Г блогында жалпы білім беретін мектептердің арнайы класс кабинеттері (химия, биология, физика); 40 орындық оқу залы бар кітапхана бар. Д блогында 274 орындық асхана бар асхана және көркем жабдықтары бар 435 орындық мәжіліс залы орналасқан. Е блогы спорт зал мен гимнастика залына арналған.
Оқушы саныБарлығы – 3759 1-4 кл – 1728 5-11 – 2031 4 кл – 400 9 кл – 259 11кл – 96 Қазақша – 3016 Орысша – 743 1 ауысымда – 1381 Аралық (2 кезең) – 1503 3 ауысымда – 874 Класс комлекті саны – 140 1-4 кластар – 71 класс 5-9 кластар – 64 класс 10-11 кластар – 5 класс
Білім сапасыОқушы саны – 3538 Оның ішінде жыл бойынша озаттар саны – 674 Білім сапасы – 55% 1 кл – бағаланбайды 2-4 кл – 62% 5-11 кл – 53%
Инклюзивті оқытылатын оқушылар75 оқушы
Үйден оқитын оқушылар15 оқушы
Ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны2075 оқушы
Ақысыз мектепішілік демалыспен қамтылатын оқушы390 оқушы
Қала сыртындағы ақысыз демалыспен қамтылатын10 оқушы
Күншуақ лагерімен қамтылатын5 оқушы
Мұғалімдер саныБарлығы – 248 мұғалім Жоғары білімді – 233 мұғалім (93,9%) Арнаулы орта білімді – 15 мұғалім (6,1%) Магистр дәрежесі бар – 28 мұғалім (11%) Педагог-шебер – 4 Педагог-зерттеуші – 69                 51,6% сапа Педагог-сарапшы – 55 Педагог-модератор – 67 Санаты жоқ – 53 мұғалім (21,3%)
Мұғалімдердің орташа жалақысы180 000 теңге

«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директоры Тажимишев Абзал Амантаевич

1982 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, жаратылыстану факультетін бакалавр біліктілігі бойынша, 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Жалпы педагогика» мамандығының аспиранты  біліктілігі бойынша аяқтаған. Жоғары кәсіптік білімді биология пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 21 жыл.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепте биология пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейін Ақтөбе қаласындағы №52 негізгі мектепте  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық» МКҚК директорының орынбасары, «№45 орта мектеп» ММ директоры болып қызмет етті.

2016 жылдың қазан айынан бастап «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры болып тағайындалды.

Мектеп директоры ретінде санаулы уақыт ішінде мектептің жетістіктерге жетуіне тікелей басшылық жасады:

  • 2014 жылы «Ең үздік сайт» облыстық байқауында «Білім беру мекемесі мұғалімдерінің бірлескен әдістемелік сайты» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом;
  • 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін Алғыс хат;
  • 2016 және 2017 жылы Олимпиадалық қозғалысты қолдағаны үшін Алғыс хат;
  • 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Алғыс хаты;
  • 2017 жылы VI топтық республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы, ІІ дәрежелі Диплом;
  • 2017 жылы – Қазақстандық интернет олимпиадада ІІІ орын;
  • 2017 жылы – «Самұрық Қазына»  АҚ компаниялар тобы ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Биіктерге бірге!» үздік спорттық жоба байқауында 8 млн Сертификаты;
  • 2018 жылы – Қазақстандық интернет олимпиадада ІІІ орын;
  • 2019 жылы – Ақтөбе облысы бойынша «Үздік жалпы білім беретін орта мектеп» ІІІ орын;
  • 2019 жылы – ғылым негіздері бойынша облыстық пәндік олимпиадада 4 жеңімпаз;
  • 2019 жылы – КҒА облыстық конференциясында 14 жеңімпаз;
  • 2019 жылы – КҒА республикалық конференциясында 9 жеңімпаз;
  • 2019 жылы – BILIMLAND сайтындағы «Жаңашыл мұғалім – 2019» конкурсында бастауыш класс мұғалімі А.С.Сагиндыкова ІІІ орын және 500 000 теңге сертификатына ие болды;
  • 2019 жылы – “Samruk-Kazyna Trust” компаниясының ұйымдастыруымен өткен Шахмат ойынынан ІІ орын;
  • 2019 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің арасында  І орын;
  • 2020 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жалпы білім беретін орта мектептерінің арасында  ІІ орын;
  • 2020 жылы – «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсынан гран-при және 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге гранты;
  • 2021 және 2022 жылдары «Білім саласындағы жетістіктері үшін» 500 000 теңге Сертификаты;
  • 2021-2022 оқу жылында мектептің 5 жылдық мерейтойы атап өтіліп, «Озық ойлар, жемісті жылдар» кітабы жарық көрді;
  • 2022-2023 оқу жылының басында мектептің атауы өзгерді, мектепке тарихи тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың есімі берілді. Тұлғаның есімін алғаннан кейін кешенді іс-шаралар жоспары құрылып, 2023 жылдың 5 қаңтар күні Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» атты І Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті;
  • 2022 жылы “Үздік веб-сайт” облыстық байқауында І дәрежелі Диплом;
  • 2023 жылы “Үздік веб-сайт” облыстық байқауында ІІ дәрежелі Диплом;
  • 2023-2024 оқу жылы Д.Қонаевтың 112 жылдығына арналған қалалық деңгейде “Дінмұхамед Қонаев – ғасыр тұлғасы” атты шаралар өтті. Шара жоспарына сәйкес Д.Қонаев оқулары, сурет байқауы және шахмат турнирі өткізілді;
  • 2023 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жалпы білім беретін орта мектептерінің арасында  ІІ орын;
  • 2023 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың республикалық кезеңіне орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен 10-класс оқушысы Менгель Арина ІІ орынды иеленді;
  • 2024 жылы  Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің арасында  І орын;
  • 2024 жылы республика көлемінде «Олимпиадалық 100 үздік мектеп» қатарына еніп, жетістікке қол жеткізді;
  • 2025 жылы Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының мектеп-гимназияларының арасында сандық және сапалық рейтингте «Үздік инновациялық мектеп-2025» номинациясы І орын;
  • 2025 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-класс оқушысы Сағиданова Арай ІІ орын, 11-класс оқушысы Төлепберген Диана Алғыс хатпен марапатталды.

Мектеп директоры А.А.Тажимишевтің басқаруымен №60 жалпы білім беретін орта мектеп  2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша қала мектептері арасында үздік ондыққа еніп, білім мен тәрбие беру жұмысы бойынша 1-орынға, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қолдау бағыты бойынша 8-орын, тәрбие жұмысының қорытындысы бойынша 1-орын, жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы бойынша 1-орынға ие болды. 2019 жылдың маусым айында Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы медалімен, Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.