“Айналайын” жазғы лагері
“Айналайын” жазғы лагері
|-маусым
02.06.2025
✨ *2 маусым күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында 2024–2025 оқу жылының “Айналайын” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады! ?*
???
Жазғы демалыстың ең жарқын сәттері дәл осы күннен бастау алды. Балалар шат-шадыман күйде лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, ән айтып, би билеп, бір-бірімен қуана қауышты. ???
????????
“Айналайын” лагері – тек демалыс емес, бұл – жаңа достар, қызықты ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттары мен ұмытылмас естеліктер мекені. ???♀️
????????
Лагерь аясында әр күн ерекше тақырыппен өтеді. Балалар спорттық жарыстарға қатысып, зияткерлік ойындарда бақ сынайды, табиғатқа серуендеп, түрлі танымдық шараларға қатысады. ⚽?️?
????????
Біздің басты мақсатымыз – балалардың жазғы демалысын тиімді, мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыру. ?
Алда – тек жақсы көңіл-күй мен шаттыққа толы күндер!
“Айналайын” – балалық шақтың бақытты мекені! ?
#Айналайынлагері2025#ЖазғыЛагерь #БақыттыБалалар#БалалықШақ
https://www.instagram.com/reel/DKZUKFXSIqw/?igsh=azdkZ3cyNXc0OXd3

Қазақша
Русский