“Айналайын” жазғы лагері ІІ-маусым

5-күн

“Айналайын” жазғы лагері балалардың көңілді әрі мәнді демалуына арналған ерекше мекен 🏕️.Бүгінгі күні лагерьде екі тамаша іс-шара өтті: “Екі жұлдыз” ән байқауы 🎤⭐ мен спорттық эстафета 🏃♂️🏃♀️🥇.

🎶 “Екі жұлдыз” байқауында балалар тәрбиешілермен бірге ән салып, сахнада жарқырай өнер көрсетті. Барлығы да керемет дайындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 💃🕺👏

Ал спорттық эстафетада балалар өз күштерін сынап, түрлі жарыстарда бақ сынасты 🏅. Жүгіріп, секіріп, бір-бірін қолдап, командалық рухты танытты 💪🤝.

Күлімдеген балалар, шаттыққа толы сәттер мен достықтың жарқын көрінісі – бәрі де осы күннің басты ерекшелігі болды 😊❤️.

https://www.instagram.com/reel/DLLOPD4zPgo/?igsh=Zzlmc3F3ODV6MDJt