“Айналайын” жазғы лагері l-маусым

? 2-күн | 03.06.2025 жыл

✨ Жазғы лагерь күндері әр сәтімен есте қалады!

Бүгінгі күн де балалар үшін ерекше қызықты әрі пайдалы іс-шараларға толы болды:

? «Сәттілік – жанға ырыс» мотивациялық кездесуінде тәрбиеленушілер өз армандары мен мақсаттары туралы ой бөлісті. Ішкі сенім мен жігерді арттыратын жылы жүзді әңгімелер жүректерге жол тапты.

? ? «Скайпарк» ойын-сауық саябағына саяхат балалардың көңілін көтеріп, шаттық сыйлады. Әртүрлі аттракциондар мен ойын алаңдары балалардың белсенді демалуына мүмкіндік берді.

? ? «Ойна, ойла, тек алға!» атты жарыста балалар тапқырлықтарын көрсетіп, топпен бірігіп жұмыс істеуді үйренді.

? ? «Мендегі ой желісі» бөлімінде әр бала алған әсерімен бөлісіп, күннің мазмұнын бағалады. Кері байланыс арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізуді үйреніп келеді.

? Балаларымыздың әр күні – жаңалық пен дамуға толы!

? Естен кетпес сәттер естелікке айналды!

Ұйымдастырушылар мен тәрбиешілерге алғысымыз шексіз! ❤️

https://www.instagram.com/reel/DKcRupooLAE/?igsh=MWttbHhkY3I5bm4wOQ==