“Айналайын” жазғы лагері l-маусым
? «Айналайын» жазғы сауықтыру лагері
? 04 маусым 2025 жыл
?? Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай
«Елім, жерім, рәмізім – Менің алтын тұғырым» атты патриоттық бағыттағы мазмұнды іс-шара өтті!
Бүгінгі күн лагерь қатысушылары үшін нағыз рухани серпіліс пен елжандылықты ұлықтаған ерекше күн болды. Балалар мен тәрбиешілер:
? «Сәттілік – жанға ырыс» атты мотивациялық лездемеден бастады;
? «Көңілді күн» сергіту сәтінде шаттыққа бөленді;
? Мемлекеттік рәміздерді ұлықтаған флешмоб ұйымдастырды;
? «Рәміздерім – мақтанышым» атты мерекелік шарада рәміздердің шығу тарихымен танысты;
? «Бақытты кеш» атты көңілді қимылды ойындарға қатысты;
? Соңында «Мендегі ой желісі» арқылы алған әсерлерін ортаға салып, кері байланыс жасады.
?? Балалар өз елінің рәміздерін құрметтеуді, Ту мен Елтаңбаға, Әнұранға деген мақтаныш сезімін жүректерімен сезінді.
Бұл күн – ұрпаққа ұлттық рух пен патриоттық тәрбие сыйлаған ұмытылмас сәттермен есте қалды!

Қазақша
Русский