«Арулар-көктем ажары!»
Бүгін, мектеп-гимназияның “NEXTGEN” мектеп парламенті мен оқушылардың ұйымдастыруымен “Арулар – көктем ажары” тақырыбында сазды кеш өткізілді.
Кеш көрермені болған асыл әже, ару аналарымыздың жүзіндегі қуаныш лебі, сіздерді үнемі қуантуға, бағалауға зор мотивация бола білді.
Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!