Білім беру ұйымын институционалдық аккредиттеу
Білім беру ұйымын институционалдық аккредиттеу аясында 2025 жылдың 12-15 мамыр күндері «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ тәуелсіз сарапшылар сыртқы сараптамалық бағалау шараларын өткізеді. Шара барысында мектептің материалдық-техникалық қоры, оқушылардың білім сапасы, тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыстар, қауіпсіздік шаралары туралы талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, тәуелсіз жұмыс тобы педагогтер, білім алушылар, ата-аналардың пікірлерін ескеріп, мектептің даму стратегиясын жүзеге асыру шараларын зерделейді. Сарапшылар жұмысының жоспарында мектеп балалардың қабілетін дамытуда, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарып жатқан қызметін бағалайтын болады. Тәуелсіз сарапшылар мектеп жұмысының барлық саласын зерделеп, сараптамалық қорытынды жасайды. Сарапшылар жұмыс тобында республиканың әр облысынан педагогтер және шетелдік сарапшылар бар.