«BilimClass жаңашыл мұғалімі» номинациясы аясында ұйымдастырылған республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды

Жетістік — еңбектің жемісі!

2025 жылдың 28 наурыз-08 мамыр аралығында «BilimClass супер сыныбы» республикалық байқауында «BilimClass жаңашыл мұғалімі» номинациясы мектебіміздің ұстаздары ерекше белсенділік танытып, арнайы сертификаттармен марапатталды!

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша марапатталған 10 қатысушылардың арасынан креативтілігі мен жаңашылдығы арқылы көзге түскен ұстаздарымыздың видеолары үздік деп танылып, бағалы сыйлық — Apple iPad және Xiaomi Wahct иегері атанды!

Маруова Айсулу Канатовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бисенғали Жансая Қуатқызы- математика пәні мұғалімі

Сатай Дамира Асқарқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ержан Айсана Марсқызы- математика пәні мұғалімі

Аралбаева Акерке Куралбайкызы- бастауыш сынып мұғалімі

Бұл — ізденіс пен шабыттың, шынайы еңбектің жеңісі!

Құрметті ұстаздар, білімге қосқан үлестеріңіз, шығармашылығыңыз бен жаңашылдығыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Білім жолындағы әр қадамыңыз сәттілікке толы болсын! 

Мектебіміздің мәртебесін биіктетіп жүрген сіздермен мақтанамыз!