Черниязова Жанна Букенбаевна
Черниязова Жанна Букенбаевна 1987 жылы 8 наурыз күні Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2004-2008 жж. аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің информатика факультеті 050111 – «Информатика» мамандығын бітіріп, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. 2013 жылы 17 шілдеде Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін 6М070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Ақпараттық жүйелер техника ғылымдарының МАГИСТРІ академиялық дәрежесі берілді (Тіркеу нөмірі ЖООК-М №0047854). Жанна Букенбаевна – 14 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты педагог-зерттеуші (Ақтөбе облысының білім басқармасы 19.08.2019ж. Бұйрық №261) және І санатты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (Ақтөбе облысының білім басқармасы 22.07.2021ж. Бұйрық №191).
Еңбек жолы:
- 2008-2013 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, Қобда ауданы, Қобда қазақ орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі;
- 2013-2015 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, Қобда ауданы, Жаңаталап орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі;
- 2015-2016 жылдар аралығында №45 жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі;
- 2016 жылдың 2 желтоқсаннан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Басқару қызметінің бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстары:
- «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» курсы, 19 маусым 2020 ж., №0340663;
- «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы көшбасшылық және менеджмент» курсы, 30 сәуір2021 ж., №0432761.
Марапаттаулары:
–Алғыс хат. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Ә.Әуелбаевтен. 2020 жыл
-Алғыс хат. «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.С.Отыншиннен. 29.04.2021 жыл
-Алғыс хат. «Ғылым инновациялық және білім беру мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы М.Молдабаевтан. Наурыз 2021 ж.
-Алғыс хат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Кузембаевадан. 25.05.2021 жыл
-Алыс хат. «Замануи мектепті басқарудың моделі» тақырыбындағы облыстық семинарда кәсіби жоғары деңгейде озық іс-тәжірибесімен бөлісіп, салмақты ойы мен құнды пікірлерін білдіргені үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Н.Абишева. Ақтөбе, 2021 жыл.

Қазақша
Русский