Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы

Жас директорлар семинар отырысы

     Қалалық жас директорлар семиары барысында «Көшбасшы келбеті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг мақсаты: жас директорларды  ұжымдық сыйластыққа, бір – біріне сенім артуға, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.

Тренингтің міндеттері: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу және өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау.

Жүргізу барысы: жас директорларға сұрақтар таратылып, берілген сұраққа әр түрлі әріптерден басталатын жауапты айтады.

  1. Алдағы оқу жылына арналған мектебіңіздің  негізгі мақсаттары қандай?

    2 . Мектептебіңіз заманауи технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдер қолданып жатыр ма?

  • Оқушылардың жағдайы мен қауіпсіздік шараларын қалай жүзеге асып жатыр?
  • Биылғы оқу жылының аяғында мұғалімдерге қанша премия бердіңіз?
  • Оқушылардың психологиялық және эмоционалдық жай-күйін бақылау үшін қандай шаралар қабылданады?
  • Биылғы оқу жылында қанша ата – ана шағым айтып келді?
  • Ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдары қандай?

     8. Мектепте ата-аналар мен мұғалімдердің бірігіп жұмыс істеуіне қалай жағдай жасалуда?

9. Мектептің қосымша қаржы көздері бар ма және олар білім беру сапасын жақсартуда қалай пайдаланып жатырсыз?

10. Оқушылардың мектеп ішіндегі қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысуы қалай ынталандырылады?

11. Мектептегі тәртіпті қалай қамтамасыз етесіздер?

12. Мектепте ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды қалай жақсартуға болады?

13. Қазіргі уақытта мектебіңізде  қандай материалдық ресурстар жетіспейді және оларды қалай шешуге болады?

14.Мұғалімдердің мотивациясын көтеру мақсатында қандай шаралар қолданылуда?

15. Сіздің мектепте цифрлық білім беру технологиялары қалай енгізілуде?

16. Директорлардың бір күндік  жұмыс күні қалай өтеді және қанша сағатқа созылады?         

17. Сіздер үшін ең үлкен қиындық кімдердің сұрақтарына жауап беру: ата – ана, оқушы, мұғалім?

18. Биылғы оқу жылында қанша мұғалімге сөгіс бердіңіз?

19. Директор болудың ең үлкен пайдасы не?

20. Сіздің қатты ашуланғанда айтатын сөзіңіз?

21. Сіз қандай басшысыз?

22. Директорлардың жұмысында ең қызық бөлігі?

23. Сабағына кешігіп келетін мұғалімге қандай шара қолданасыз?

24. Бойыңызда қандай өнер бар?