«Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Ақтөбе қаласы, «Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету  туралы

    Мектепте  мемлекеттік қызмет көрсету 6 түрі  бойынша  көрсетіледі.

1.  Мектеп бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлер мектеп директорының  бұйрығымен функционалдық міндеттеріне сәйкес тағайындалды.

2. Мектеппен көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі  туралы толық және анық ақпарат сақталды. Қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары қағидалары мен стандарттары  стентке ілінді.

3. ҚР-ның Зандарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген  мемлекеттік қызметтерді  тегін көрсету тәртібі сақталды.

4. Мемлекеттік  қызмет көрсету барысында  артық құжаттар талап етілмейді.

5. Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 6.Мектептің интернет-ресурсында  (konaevmektep.edu. kz) толтырылып тұрады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері  сақталады.

8. « Жалпы  білім беретін  мектептердегі білім алушылар мен  тәрбиенушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен  тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есептік деректер  енгізіледі.

9.    Мектепте көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер бойынша заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында  қызмет алушылар  және ХҚКО-ның мамандары арасында түсіндіру  жұмыстарын:

  •  мектепке қабылдау туралы – ай сайын жариялап отырамыз.
  •  ұжымның педагогиклы кеңес отырыстарында  қызмет көрсету қаралады.

      Қаңтар айында  2025 ж –  13 өтініш келіп түсті. (қағаз түрінде) 2-11 класс аралықтарына мектептен мектепке ауыстыру бойынша.

Ыстық тамақпен қамту  қызыметі бойынше  1 өтініштер түсті және  құжаттар қабылданды. 

1 өтініш  қағаз түрінде, үй жағдайында білім алу үшін  қабылданды.

 Барлығы  қаңтар айында  15 өтініш түсткен.

 Ақпан   айында  2025 ж 

6 өтініш келіп түсті. (қағаз түрінде) 2-11 класс аралықтарына мектептен мектепке ауыстыру бойынша.

Ыстық тамақпен қамту  қызыметі бойынше  2 өтініштер түсті және  құжаттар қабылданды. 

Барлығы  қаңтар айында  8 өтініш түсткен.

Наурыз  айында  2025 ж

-10 өтініш келіп түсті. (қағаз түрінде) 2-11 класс аралықтарына мектептен мектепке ауыстыру бойынша.

-Ыстық тамақпен қамту  қызыметі бойынша  өтініштер  қабылданған  жоқ.

– Барлығы   10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    1  класқа 2025-2026 оқу жылына  қабылдау  жылдағыдай 1 сәуірде басталды. Электронды түрде веб-портал арқылы  6 жасқа толған немесе жалдық аяғына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

-Медициналық анықтамалар № 065/у және № 026 форма (Денсаулық министрілігімен №469 24.06 2003ж бекітілген)

-Цифрлық фото 3*4см

         -1 класқа бала қабылдау 1 тамызда тоқтатылады

2).2025-2026 оқу жылының  1- сыныбына   білім алушыларды  қабылдау.    

Бірінші сыныпқа қабылдау туралы ақпарат : « Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы »  бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 сәуірінде бірінші сыныпқа құжаттарды  қабылдау басталды.

Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және ағымдағы  жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы  жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Өтініштерді электронды және қағаз түрінде қабылдаудың соңғы күні 1 тамыз, сағат 18.30-ға дейін.

Өтінішті www.egov.kz“, «электронды үкімет»  порталы арқылы беруге болады

келесі  құжаттарды ұсына отырып: баланың ата-анасынан немесе заңды өкілінен еркін нысандағы өтініш талап етіледі,

052-2/у- нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi

көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде:      
 ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
 жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
 денсаулық жағдайы туралы анықтама № 065/у;

бала денсаулығы паспорты 052-2/у;
баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар келеді. Сондай-ақ, 2025 жылдың аяғына дейін  6 жасқа толатын  балалардың ата-аналары бірінші сыныпқа  өтініш бере алады.

 Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жалғасады.

 Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі  – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне  сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.                                                                                                 Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).                                                                                                                    Ал мектеп тарапынан қабылдау  d.konaevmektepgimnaziya инстаграмына  жарияланды, ата-аналармен брифинг  ұйымдастырылады және де https: // konaevmektep.edu.kz  сайтына  жарияланды.