Д.Қонаев атындағы ЖББОМ Гимназиясында  2025-2026 оқу жылы бойынша Мектеп асханасын мониторинглеу жұмыстары жүргізілді.

Мектеп асханасын мониторинглеу – оқушыларға сапалы, әрі қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін маңызды процесс. 24 қыркүйек күні Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы жұмыс жүргізді. Комиссия құрамында мектеп-гимназия директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.Қиынбаев, қамқоршылық кеңестің мүшесі Э.Утепбаева, мектепішілік кәсіподақ ұйымының мүшесі Ж.А.Сыдыкова, тарих пәні мұғалімі Е.Н.Касимов, мектеп медбикесі М.А.Имангалиева, әлеуметтік педагогтар А.Н.Абдуллина, И.Н.Баймукашева, Ғ.А.Тулеуова болды.

Мектеп асханасына қатысты мониторинг мына бағыттарды қамтиды:

-Гигиена және тазалық

– Асхана мен ас үйдің тазалығы. Тағам дайындау және сақтау аймақтары тазалық стандартына сәйкестігі бақыланды. Бұл ыдыс аяқтарды дұрыс жуу, тамақ дайындау орындарын тазалау және қоқыстардың уақытылы шығарылуы.

-Қызметкерлердің гигиенасы: Асхана қызметкерлерінің арнайы киім киіп, жеке гигиена ережелерін сақтауы тексерілді(қол жуу, шашты жинау, қолғаптар мен маскаларды қолдану). Асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшалары тексерілді.

2025-2026 оқу жылында 1- 4 кластар бойынша 1537 оқушы және 5-11 кластар бойынша 536 оқушы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ішеді.