Дарынды жастарымыз – ел болашағы!
Орал қаласында «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінен өткен Республикалық олимпиадада:
10 А сынып оқушысы *Сағиданова Арай* — жүлделі 2-орын иегері!
11 “В”сынып оқушысы *Төлепберген Диана* — РҒПО алғыс хатымен марапатталды!
Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарын мектеп ұжымы зор қошеметпен күтіп алды! Оқушылар, ұстаздар, сыныптастары жеңімпаз оқушыларымызды құттықтап, Ақтөбе облысының олимпиадалық командасымен жоғары нәтижемен оралғандарын мақтанышпен жеткізді.
Оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетістіктерің — мектебіміздің, облысымыздың мақтанышы!


