Дублер күні

Дублёр күні – ерекше тәжірибе!

Бүгін біздің мектепте дәстүрге айналған Дублёр күні өтті. Бұл күні оқушылар мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің рөлін өздері атқарып, үлкен өмір мектебінен маңызды сабақ алды.

Психолог рөлін өз мойнына алған оқушылар ерекше белсенділік пен жауапкершілік танытты. Олар сыныптарға кіріп, көңіл-күйді анықтауға арналған шағын тесттер жүргізді, “Жақсылық сыйла”, “Көңіл-күй кемпірқосағы” сияқты ойындар ұйымдастырып, достық пен мейірімнің маңызын көрсетті.

Бұл күн оқушыларға тек қызықты сәттер сыйлап қана қоймай, психолог мамандығының қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді. Әр баланың жүзінен жылылық пен сенімнің көрініс табуы – ең үлкен жетістік!

Психолог болу – жүрек жылуын сыйлау, тыңдай білу, қолдау көрсету!

Бүгінгі дублёр күні осының барлығын оқушылар тамаша көрсете білді. 🌿💛