Ербозымова Мирамгул Нурлановна

            1987 жылы 25 маусымда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. 1993-2004 жылдары Қарабұтақ орта мектебінде жалпы орта білім алып, 2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Аталған оқу орнын 2008 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «үздік» дипломмен тәмамдаған.

            Еңбек жолын 2008 жылы Қарабұтақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған (2008-2015 жж). 2015-2016 жылдары Ақтөбе қаласындағы №45 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; 2016 жылдан бастап №60 жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;2017 жылдың  4 желтоқсанынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, 8 жыл директор орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап конкурстық негізде «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директоры болып тағайындалды.

            Еңбек өтілі – 17 жыл. Санаты – педагог-зерттеуші, лауазымдық санаты – І санатты басшы.