ІІ тоқсан қорытындысы бойынша пәндік кафедра отырыстары өтті

Білім сапасын арттыру және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектепте пәндік кафедра отырыстары өткізілді.

Отырыстар барысында оқу жетістіктерінің нәтижелері сараланып, білім алушылардың үлгерім көрсеткіштері мен білім сапасына талдау жасалды. Сонымен қатар, кездескен қиындықтар анықталып, оларды шешу жолдары мен алдағы тоқсанға арналған нақты міндеттер белгіленді.

Пән мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу жүзеге асырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.