“ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ТИІМДІ ЖАҒЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ” ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРХАНА
«Интерактивті оқыту технологиясының мақсаты мен міндеті, тиімділігі мен ерекшелігі» тақырыбында облыстық шеберхананың үшінші отырысы өтті. Бұл шара қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Кужахметова Айнұр Самухановнаның жетекшілігімен ұйымдастырылды.Отырыста интерактивті оқытудың негізгі қағидалары қарастырылып, білім беру үдерісінде орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету, өмірмен байланыстыру, өзіндік дербестікке баулу және оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды. Шеберхана мүшелері педагогикалық шеберліктерін дамытып, заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану арқылы сабақты зерттеу негізінде білім беру сапасын жетілдіру жолдарын қарастырды. Отырыста тәжірибе алмасу процесі маңызды орын алды. Мұғалімдер өзара пікірлесіп, жаңа идеялармен танысып, кәсіби дамуға қадам жасау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шеберхана олардың білімін тереңдетіп, оқыту үдерісін тиімді жүргізуге ықпал ететін заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне септігін тигізді.