«ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҮЗДІК САБАҚ БАЙҚАУ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия және биология пәні мұғалімдері арасында «Ізденіс жолы» тақырыбындағы облыстық үздік сабақ байқауы өтті. Бұл байқау педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, әдістемелік шеберліктерін шыңдауға және заманауи оқыту тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағытталған маңызды шара болды.Біздің мектебіміздің мұғалімдері аталған байқауға белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жеңімпаздар қатарында:

  • Исенбаева Айсұлу БекмырзаевнаІ орын
  • Атығай Гулбақыт СайранқызыІ орын
  • Пиржанова Алия ЖенисовнаІІ орын
  • Тулеуова Ғазиза АскарбековнаІІІ орын

Жүлделі орындарға ие болған ұстаздарымыз өздерінің кәсіби біліктіліктерін, жаңашылдыққа деген ұмтылыстарын және оқушыларға сапалы білім беру жолындағы үздіксіз еңбектерін көрсетті. Байқау барысында мұғалімдер заманауи педагогикалық әдістерді тиімді қолдану арқылы шығармашылық сабақ үлгілерін ұсынды.