«Junior Skills Aktobe-2025» облыстық кәсіби шеберлік байқауы

            2025 жылдың 25 сәуір күні  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық және «Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК  ұйымдастыруымен қала мектептері оқушылары арасында «Флористика», «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша «Junior Skills Aktobe-2025» облыстық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Қонаев мектеп-гимназиясы атынан қатысқан 9 класс оқушылары Утесинова Асылым «Флористика» конкурсынан 1-орын, Тұрсын Айдана «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша 3-орын иеленді. Бұл оқушылар жыл бойы колледж жанынан ашылған «Берсиев мектебі» курсына қатысып, аталған бағыттар бойынша сабақтардан көптеген іскерлік дағдылар үйренді. Енді конкурсқа қатысып, шеберліктерін сынап, жүлделі орындар мен сыйлықтарға ие болды.

Жыл бойы «Берсиев мектебі» курсына қатысып, аталған бағыттар бойынша сабақтардан көптеген іскерлік дағдылар үйренген бірнеше оқушыларға шараның жабылу салтанатында сертификаттар табысталды.