КӨБЕЙСІН ӘДІЛБЕК КӨБЕЙСІНҰЛЫ

1985 жылы 15 қазанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1992 – 2003 жылдары М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде орта білім алып, 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік көпсалалы колледжіне дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығына оқуға түседі. 2006-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын жоғарғы білімді дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығын иегеріп, тәмәмдады.

Еңбек жолын 2006 -2016 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқарған. 2016 жылдан бері Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектебінде, қазіргі Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, орынбасарлық қызмет атқарып келеді. Еңбек өтілі – 16 жыл. Санаты – біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты педагог-сарапшы. Лауазымдық санаты – директордың үшінші санатты орынбасары.

Марапаттары:

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары “Алғыс хат” 2017 ж.

Ақтөбе қаласы әкімі “Алғыс хат” 2018 ж.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі “Құттықтау хат” 2008 ж.

Ақтөбе облысының білім басқармасы “Құрмет грамотасы” 2018 ж.

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы әкімі “Алғыс хат” 2019 ж.

Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы “Құрмет грамотасы” 2020 ж.

Ақтөбе облысының білім басқармасы “Алғыс хат” 2021 ж.

Ақтөбе қаласы әкімі “Алғыс хат” 2021 ж.

№60 жалпы білім беретін орта мектеп директоры “Елеулі еңбегі үшін төсбелгісі” 2021 ж.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы “Алғыс хат” 2022 ж.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы “Алғыс хат” 2022 ж.