«Көкпар» зияткерлік ойынының қатысушылары
2025 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында қала мектептерінің 8-10 кластар арасында «Көкпар» зияткерлік ойыныны өткізілді.
Зияткерлік ойын мақсаты: білім беру жүйесінде білім алушылардывңқызығушылығын арттыратын зияткерлік бағыттағы ойын-байқауларын көбейту.
Міндеттері:
- Білім алушылардың жан-жақтылығын арттыру;
- Топпен жұмыс жасауға бейімдеу;
- Зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру;
- Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге насихаттау
Зияткерлік ойын барысы 3 турдан тұрды. Әр тур барысында (тарих, әлеуметтік, логика сынды пәндердің сұрақтары қамтылды. 3 тур барысында топ басшылары салт-дәстүр бағытындағы сұрақтарға жауап беру барысында шапшаңдық танытты. Осы сайысқа біздің мектебізден 10 «Б» класынан Райханова Айнұр., 9 «Г» класынан Тұрғанбай Қуаныш, 8 «Ғ» класынан Утенова Аянат есімді оқушылар додаға түсіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жетекшісі тарих пәні мұғалімі А.Е. Карабасова
Жеңістеріңіз құтты болсын!

