Калитов Багдаулет Кентаевич
1983 жылы 27 қараша күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2001-2005 жж. аралығында Ақтөбе педагогикалық институты, жаратылыстану факультетінің “Химия, биология мұғалімі” мамандығын тәмамдады. Содан соң Ақтөбе педагогикалық институтының “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша бітірді. 2005-2006 жж. “әуе десанттық әскері” әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеді.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе қаласы “№52 негізгі мектебі” КММ бастады. 2012 жылы “№8 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ «Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» қызметін атқарды. 2015-2025 жж. аралығында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқардып.
2025 жылдың 27-қазанынан бастап, “Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназисы” КММ-не директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Санаты: Педагог-шебер.

Қазақша
Русский