Лингвистикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды!

Бүгін мектепте 4-сынып оқушылары арасында өткен лингвистикалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Шараға мектептің ұстаздары және оқушылар қатысты. Олимпиаданың 3 кезеңінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен оқушылардың тіл білімін, грамматикалық қабілеттерін және логикалық ойлауын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. 400-ге жуық оқушы қатысқан олимпиаданың ақтық кезеңіне 38 оқушы шығып, барлық жеңімпаздарға мектептің медальдары мен дипломдар табысталды. Командалық есепте 1-орында 4 «Ә» класы, жетекшісі Конарова Г.С., 2-орында 4 «М» класы, жетекшісі Умралина А.Т., 3-орында 4 «Г» класы, жетекшісі Мырзагарина Н.М.

Бұл шара оқушылардың білімге деген ынтасын арттыруға, сондай-ақ олардың тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.