Медициналық мамандықтары туралы
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында медициналық мамандармен кездесу ұйымдастырылды. ҚР ДСМ СЭБК «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» РММ зертхана меңгерушісі Сарсенбаева Ш.Т. елімізде медициналық мамандар дайындайтын ЖОО және қазіргі таңда тапшы мамандықтар туралы статистикалық мәліметтер келтірді. Оқушылар эпидемиолог, бактериолог мамандық ерекшеліктерімен танысты.


