МЕКТЕП ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАР КӨЗІМЕН
7-9 сәуір күндері мектепке іссапармен Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттік (IQAA) сарапшылары Мукалыкова Б.Ж., Биманова Ж.Ж. келді (Астана қ.). Сапар мақсаты – мектептің педагогикалық ұжымының жұмыс тәжірибесін зерттеу, оқу процесіне қатысушылар үшін қауіпсіз орта шарттары, мектептің инфрақұрылымының дамуы, т.б. Сарапшылар мамыр айына жоспарланған мектепті аккредиттеу жұмыстары бойынша кеңестер берді. #аккредитация