МЕКТЕПТІ АККРЕДИТТЕУ
«Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттік» (IQAA) сырттай сараптау тобының жұмыс жоспарына сәйкес 12 мамыр күні агенттік өкілдері мектеп әкімшілігімен кездесті. Мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы «Мектептегі менеджмент» тақырыбында білім беру ұйымының ерекшеліктері, тиімді басқару тәжірибесімен бөлісіп, білім беру сапасын сырттай бағалауда атқарылған маңызды жұмыстармен таныстырды. Мектепке арнайы келген тәуелсіз сарапшылар тобы аккредитация талаптарына сәйкес оқу орнының қызметін жан-жақты зерттеді. Мектеп әкімшілігімен кездескен сарапшылар командалық жұмыстың нәтижелерімен танысып, аккредитацияның бес негізгі стандарты бойынша терең талдау жүргізді. Аккредитацияға дайындық барысында мектепті өзін өзі бағалау есебін дайындаған жұмыс тобының жетекшісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Бибігүл Хайруллақызы мектептегі оқу процесінің ұйымдастырылуы, білім сапасы, тәрбие жұмыстары, материалдық-техникалық база, басқару жүйесі және кадрлық әлеует сияқты негізгі бағыттар туралы түсінік берді.
Оқушылардың толыққанды білім алуы, қосымша үйірме, секциялардың тиімді ұйымдастырылуы, балалар үшін қауіпсіздіз ортаның болуы – мектеп үшін маңызды шаралар. Осы орайда мектеп ғимаратын аралап көрген тәуелсіз сарапшылар мектептің материалдық-техникалық қорын жоғары бағалады.









