МЕКТЕПТІ АККРЕДИТТЕУ: 2-күн

Оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты назарда!!!

13 мамыр күні сарапшылар жұмыс тобы мектепте “Alaqan” электрондық тіркеу және бақылау жүйесінің тиімділігін зерттеді. Мектеп басшысы Тажимишев А.А. жүйе туралы: «Бұл жүйе алақан биометриясына негізделген оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инновациялық технология. “Alaqan” жүйесі арқылы оқушылар мектепке кіріп-шығу уақытын тіркеп, кітапханадан кітап алып, асханада төлем жасай алады және ата-аналар мобильді қосымша арқылы балаларының мектепке келу-кету уақытын бақылап, асхана мәзірін көре алады»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ермухамбетова Аругуль Жанаевна сарапшыларды “Bilim Class” платформасының жұмысымен таныстырды. Платформа оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыруда мол мүмкіндіктер береді: платформада интерактивті сабақтар, тесттер және көптеген оқу материалдары бар.

Сарапшылар «Қауіпсіз білім беру қағидасы» бойынша оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігіне ерекше мән берілгендігіне назар аударды.