МЕКТЕПТІ АККРЕДИТТЕУ: 3-күн
Оқушылар, ата-аналар қауымдастығымен кездескен астаналық сарапшылар мектеп қызметінің бірқатар оң тұстарын атап өтті. Оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар, мұғалімдердің кәсіби деңгейі, оқушылардың жетістіктері, ата-аналармен және қоғаммен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану қызметтері ерекше бағаланды.
Жалпы алғанда, аккредитацияның бұл кезеңі мектеп ұжымының кәсіби біліктілігін, жүйелі жұмысын және үздіксіз даму жолындағы ұмтылысын айқын көрсетті. Сарапшылардың берген бағасы мен ұсыныстары мектептің одан әрі жетілуіне жаңа серпін берді.



