НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ ҮЗДІК АТТЕСТАТ, «АЛТЫН БЕЛГІ»  ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы»  бұйрығының 43-тармағына сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9-сыныпты бітірушілерге ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Бұған қоса, ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12-мамыр №193 бұйрығына сәйкес 2022 жыл 1-қыркүйектен бастап, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы «Үздік» аттестатын және негізгі орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлерге қойылатын талаптар туралы енгізілген өзгерістерге байланысты үміткердің 5-9 сыныптар аралығындағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша ЖЫЛДЫҚ бағалары «5» болуы тиіс (бұл норма 2022 жылдың 1 қыркүйектен бастап күшіне енді).

Мектепте соңғы жылдары 9-сынып бітіруші үздіктер санын, оның жалпы оқушы санына пайыздық қатынасын төмендегі кестеден көруге болады:

Оқу жылыЖалпы түлек саны«Үздік» аттестат иегер саныпайыздық көрсеткіш  %
2020-20211972513%
2021-20221982211%
2022-20232332410%
2023-20242572911%
2024-202527038 (үміткер)14,0%

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы»  бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12-мамыр №193 бұйрығына сәйкес 10-11 кластарда ЖОБ туралы аттестат қосымшасына енетін барлық пәндер бойынша жылдық, емтихан, қорытынды бағалары «5» болған түлектерге ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Оқу жылыЖалпы түлек саныЖОБ «Үздік» аттестат иегер саныпайыздық көрсеткіш  %
2022-2023900
2023-2024921314%
2024-202512910 (үміткер)0,07%

Осы бұйрықтарға сәйкес 5-8 кластарды «үздік» аяқтап, 9-класта НОБ туралы «үздік» аттестат алған, 10-11 кластарда барлық оқу тоқсанында, жылдық, емтихан, қорытынды бағалары «5» болған мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісі беріледі.

Оқу жылыЖалпы түлек саныЖОБ «Үздік» аттестат иегер саныпайыздық көрсеткіш  %
2022-2023910,11%
2023-20249240,04%
2024-202512910 (үміткер)0,07%