Оқушылардың денсаулығын қорғау – біздің басты міндетіміз
Маусымдық аурулардың белсенді кезеңінде мектебімізде санитарлық-гигиеналық талаптар күшейтілді. Оқу кабинеттерінде күн сайын:
✔ Кварц лампалары арқылы залалсыздандыру жүргізіледі;
✔ Ылғалды жинау мен тазалық жұмыстары толық көлемде орындалады;
✔ Оқу бөлмелері тұрақты түрде желдетіліп, ауа айналымы қамтамасыз етіледі.
Бұл шаралар оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайту мақсатында жүзеге асырылуда.
Баршаңызды жеке бас гигиенасын сақтауға, маска режимін ұстануға және денсаулыққа мұқият болуға шақырамыз.
💙 Денсаулық — басты құндылық!

Қазақша
Русский