Облыстық семинарда психологтардың іс-тәжірибе таратуы
✨ «Жүрек жылуы мен кәсіби құзыреттілік үндестігі»
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған мектеп психологтарының семинарында біздің мектептің психологтары тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар тұлғааралық қарым-қатынас, эмоционалды күйді реттеу, командалық бірлік және кәсіби күйіп-жанудың алдын алу тақырыптарында тәжірибелік жаттығулар орындады.
Интерактивті форматта өткен жұмыс өзара сенім мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, әр маманның кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етті.
Қатысушылар тренингтен жағымды эмоция алып, жаңа идеялар мен әдістемелермен бөлісті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық психологтарға белсенділік пен шығармашылық көзқарасы үшін алғыс білдірді.

Қазақша
Русский