Пашанбай Ержан Сахиұлы

1997 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. 2014-2018 жж. аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің “Информатика” мамандығын бітірген. 2018-2020 жж. аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін “Математика” мамандығы бойынша “Жаратылыстану” ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 2018 жылдан “№60 жалпы білім беретін орта мектеп” КММ-нде информатика пәні мұғалімі қызметін бастап, 2025 жылдың 11 қыркүйекгінен бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.