«ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ»
2024 жылдың 24 қыркүйек күні мектепішілік аттестаттау комиссиясының кезекті отырысы өтті. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығына сәйкес педагог білімін бағалаудан сәтті өткен 10 педагог өздерінің құжаттарын талапқа сай рәсімдеп, «педагог-модератор» санатына өтініш берді.Мектепішілік сараптамалық кеңестің зерделеуінен кейін берілген ұсыныстарды ескере отырып, аттестаттау комиссиясы тиісті шешім шығарды.