Психологиялық-педагогикалық қолдау отырысы
Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясында 13 желтоқсан күні арнайы педагогтар, педагог-психологтардың бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау, оқу үдерісін бейімдеуді тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Мамандар:
* оқушылардың даму динамикасын талдады;
* ата-аналармен жұмысты үйлестіру жолдарын қарастырды;
Отырыстың мақсаты — әр оқушының әлеуетін ашуға бағытталған жүйелі қолдау көрсету және оқу ортасын барынша қолайлы ету.

Қазақша
Русский