РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
Ақтөбе қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Төлепберген Диана 1-4 сәуір күндері Орал қаласында өткен республикалық олимпиадада “Қазақ тілі және әдебиеті” пәні бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, “Дарын” РҒПО алғысхатымен марапатталды. Ақтөбе облысының намысын қорғап, олимпиада шыңына шыққан Дианаға болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз! Диананың ұстазы – қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Бозшина Айымгүл Жауынбаевна.
