Ризашылық-адамдықтың белгісі!
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз Алғыс айту күні — бізге жақсылық жасаған, қол ұшын берген адамдарға шын жүректен ризашылық білдіретін ерекше күн. Бұл күннің мәні – өзіміздің өмірімізді жақсартқан адамдарды бағалап, олардың еңбегін құрметтеу.
Бүгін мектебімізде еңбегі елеулі, білім ордамыздың тазалығы мен үйлесіміне жауапты кіші қызметкер Шукенова Айнаш Әбілханқызының 60 жас мерейтойы аталып өтті. Сізге денсаулық, қуаныш, бақыт, отбасыңызға амандық тілейміз.
Барлық қажырлы еңбек пен табанды жұмысқа алғыс білдіру мақсатында кеш барысында мектебіміздің кіші қызметкерлеріне Алғыс айту мерекесіне орай мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сый тарту етілді.
Сіздердің әрбір іс-қимылдарыңыз біздің жұмысымызды жеңілдетіп, табыстарымызға жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да табысты, жемісті еңбек ететіндеріңізге сенім білдіреміз.