«Мектеп және қамқоршылық кеңестің өзара тиімді іс-әрекеттестігі»

2019 жылдың 28 ақпан күні «Мектеп және қамқоршылық кеңестің өзара тиімді іс-әрекеттестігі» тақырыбында кезекті қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жұмыс, аз қамтылған отбасы оқушыларына көмек көрсету мәселелері туралы, «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындысы туралы, білім беру ұйымдары білім алушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы және пән негіздері бойынша облыстық олимпиадада және республикалық деңгейде Кіші Ғылым Академиясында дәрежелі орын алған оқушылардың мұғалімдерін марапаттау туралы мәселелер қаралып, қамқоршылық кеңес мүшелері қарастырылған әр сұрақтар бойынша тиімді әрі оңтайлы шешім қабылдады. Отырыстың екінші бөлімінде мектебіміздің жертөлесінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында балалар игілігі үшін жасалып жатқан құрылыс нысандарымен, яғни бірқатар тиімді жұмыстардың барысымен танысып шықты.