Қамқоршылық кеңес отырысы
«№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің қамқоршылық кеңес отырысының
№ 1 хаттамасы
(2017-2018 оқу жылы)
«24» қаңтар 2017 жыл
Қатысуға тиіс:қамқоршылықкеңес мүшесі -11
Қатысқандары: кеңес мүшесі-11
Қосымша қатысқандар: мектеп әкімшілігі мүшелері, хатшы.
К ү н т ә р т і б і н д е г і м ә с е л е л е р:
№ Күн тәртібі Жауапты
1. Қамқоршылық кеңес жұмысын реттейтін нормативтік –құқықтық құжаттармен танысу Тажимишев А.А.
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну
Әлиұлы Боранбай
3. Мектептегі қосымша ақылы білім беру қызметінінің барысы туралы
Черниязова Ж.Б.
Т ы ң д а л д ы:
Мектеп директоры А.А.Тажимишев отырыс қатысушыларын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, дауысқа салып,бірауыздан бекітті. Қарсы және қалыс қалғандар болған жоқ.
1.Тыңдалды: Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алғанмектеп директоры А.А.Тажимишев қамқоршылық кеңес комитетінің құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен (1,2,3,4, тарауларымен) таныстырды.
Ата-аналар комитетінің отырысында бекітілген қамқоршылық кеңес мүшелерімен таныстырып өтті:
1. Әлиұлы Боранбай-қамқоршылық кеңес төрағасы;
2. Утепбаева Эльвира Хамитовна –қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары;
3.Жамбусинова Гульнара Абдисаметовна –қамқоршылық кеңес мүшесі;
4. Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі;
5.Сарсен Есенгелди Шарипович -жеке кәсіпкер,демеуші;қамқоршылық кеңес мүшесі;
6. Абдрахманова Жанна Әділханқызы -жеке кәсіпкер;қамқоршылық кеңес мүшесі;
7.Тасимов Ануар Тлеугалиевич — қалалық маслихат депутаты,жеке кәсіпкер;қамқоршылық кеңес мүшесі;
8. Жайманова Жауқазын Ақбергенқызы — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті оқытушысы;қамқоршылық кеңес мүшесі;
9. Омарханов Жаныбек Бостандықұлы — ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің бас маманы;
10. Кулжанов Айдос Ерболатович — Ақтөбе облысының ІІД жол қозғалысын ұйымдастыруды бақылау бөлімінің басшысы;
11. Амангалиев Нурлан Ерсайинович — жеке кәсіпкер, қамқоршылық кеңес мүшесі.
Қамқоршылық кеңес мүшелері ұсынылған ұсыныспен толықтай келісіп, өздерінің келісімдерін берді.
Сөйледі: Қамқоршылық кеңес төрағасы Әлиұлы Боранбай қамқоршылық кеңес құзырындағы міндеттер оңай емес екенін айтып,
-Бәріміз көріп отырмыз, ендеше, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, біріге отырып мектебіміз бен балаларымыздың мүддесі үшін осы кеңестің жұмысын толыққанды жүргізуіміз керек,- деді. Сонымен қатар жоғарыда аталған кеңес құрамын толық қолдайтынын айтты. Осы жұмысқа білек сыбана қызмет атқару үшін қамқоршылық кеңес жұмысын реттейтін нормативтік –құқықтық құжаттармен таныстырып, алдағы уақытта үлкен жауапкершілік күтіп түрғанын айтып өтті.
Қаулы етті:
1. Қамқоршылық кеңес жұмысын реттейтін нормативтік –құқықтық құжаттармен танысу жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. Тыңдалды: Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Әлиұлы сөз алды. Алдағы уақытта үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қамқоршылық кеңестің жұмысы барысында атқарылатын жұмыстар жоспарын құруды ұсынды. Кеңес төрағасы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын кеңес мүшелерімен талқылап, ұсыныстарын таныстырып айтты.
Кеңес мүшелері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар тізбегіне өз пікірлерін ортаға салып, түрлі ұсыныстар ұсынды.
Сөйледі: 1.Қамқоршылық кеңесте өз ұсынысын ортаға салған кеңес мүшесі Н. Е.Аманғалиев бүгінде ер азаматтар қауымы тарапынан балаға толық қанды көңіл бөлу аздық ететінін тілге тиек етті. Ата-аналар жиналысына ер азаматтардың аз келуіде көңіл қынжылтатынын, көбіне аналар бала тәрбиесімен айналысып отыратыны шындық. Сондықтан «Әкелер алқасын» құруды ұсынамын. Осы мақсатта әкелер тарапынан бала тәрбиесіне көңіл бөлуі артады деген ойдамын. Сонымен қатар «Әжелер алқасын» да құру қажет. Заман ағымы өзгерсе де, тәрбие басы тал бесікте екені анық. Ал тәрбиенің қайнар көзі — әжелеріміздің бойында. Қазіргі ата-аналардың басым көпшілігі жастар болғандықтан, ақылын айтып, бала тәрбиесіне өз кеңестері мен тәжірибесімен бөлісетін «Әжелер алқасы» ауадай қажет.
Сөйледі: 2.Кеңес мүшесі Э.Х.Утепбаева өзінің ұтымды ойын ортаға салып, мектебімізде мүмкіндігі шектеулі ата-аналармен де алдағы уақытта тренингтер өткізу, мектеппен тығыз байланыс орнатуға шақыру қажеттілігін айтты. Мүмкіндігі шектеулі ата-аналармен де атқарылатын жұмыстар тыс қалмауы қажет.
Қаулы етті:
1. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілсін.
3.Тыңдалды:Күн тәртібіндегі келесі мәселе мектептегі қосымша ақылы білім беру қызметінің барысы туралыЖ.Б. Черниязова сөз алды.
«2017-2018 оқу жылы мектепте қосымша ақылы білім беру қызметтерін (ҚАБҚ) көрсету туралы» «Білім туралы» ҚР Заңының 63-б., «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 20.07.2009 ж. № 1102 Қаулысының, Мектеп Жарғысының, педагогикалық кеңестің, қалалық білім бөлімі сараптамалық кеңесінің, кластардағы ата-аналар жиналысының, мектепішілік ата-аналар комитеті жиналысының шешімінің негізінде, оқушылардың және олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қосымша білім беру қызметтеріне деген сұраныстарын қанағаттандыру, мектеп оқушыларына білім беру біртұтастығын іске асыру, білім мазмұнын жаңарту мақсатында сауат ашу (1 класс оқушылары үшін), математика (2 кластар үшін), ағылшын тілі (1-8 кластар үшін), сонымен қатар мектебімізде «Жеңіс» спорт орталығының ашылуына байланысты, мектеп оқушыларының салауатты өмірін қалыптастыру мақсаты үшін бокс, кикбокс, үстел теннисі спорт секциялары ақылы қызмет көрсету түрінде ұйымдастырылды.Қосымша ақылы білім беру қызметін көрсету бойынша үйірмелер мен секцияларға қатысатын жетім балалар, қамқорлықтағы балалар, мүгедек және инклюзивті оқытылатын балалар 100% төлемнен босатылды. Сонымен қатар бір отбасыдан 2, 3 және одан да көп балалар қатысатын отбасыға қосымша ақылы білім беру қызметін көрсету төлемінен 25% жеңілдік көрсетіліп отыр.
Бүгінгі таңда қосымша ақылы білім беру қызметінің жүргізу аясында қамқоршылық кеңес төрағасы Әлиұлы Боранбай және мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі қадағалау жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда мектепте ақылы қызмет көрсетіп жатқан 26 мұғалім, 68 топ, соның ішінде 613 оқушы бар.
Қорытындылай келе, төмендегідей ұсыныстар бар:
1. Біздің мақсатымыз – мектебімізде білім алушыларды сапалы біліммен шыңдау болмақ, сол себепті уәжі төмен оқушылары бар мұғалімдер, класс жетекшілер оқушылардың қосымша үйірмелерге қатысуын насихаттау.
2. Ақылы қызмет көрсетіп жатқан мұғалімдер өздерінің оқу процесіндегі шеберліктерін одан әрі арттыру, оқушыларға сапалы білім беру.
3. Қосымша ақылы білім беру қызметін жүргізіп отырған мұғалімдерге жағдай жасау, соның ішінде, кабинеттің жетіспеуін қарастыру. Ағылшын тілі үйірмесінен сабақ беретін мұғалімдер арнаулы ағылшын кабинеттерінде өткізілуін қарастыру.
Сөйледі: 1.Кеңес төрағасы Б.Әлиұлы мектеп әкімшілігімен өзім қосымша ақылы білім беру қызметін үнемі қадағалау жұмыстары жүргізіп отырмын деп сөз алды. Оқушылардың қосымшаға бар ынта-ықыласымен қатысып отырғандығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Оқушыларда өте көңілді. Біздің тарапымыздан қойылған сұрақтардың барлығына жағымды жауап берді. Көңілімнен шықты. Педагогикалық кеңесте қосымша ақылы білім беру ісінен түскен қаражатқа мектептің материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында тиімді алынған заттардың куәсі болдым. Олар: 3 принтер-сканер-ксерокс (3-еуі 1-де), LED телевизор, ноутбук, қабырғаға бекіткіш, кәсіби фотопаратты жарықтандырғыш, спорт орталығына 2 жаттығу жабдығы қажеттіліктеріне қарай нысандық бөлімдерге берілді. Осыны ұйымдастырып отырған мектеп әкімшілігіне ризашылығымды білдіремін.
Қаулы етті:Мектептегі қосымша ақылы білім беру қызметінінің жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Әлиұлы күн тәртібіндегі барлық мәселелердің қаралғандығын айтып, мәселелер бойынша қаулылар жобасын ұсынды. Қаулының жобасына ұсыныстар мен қосымша пікірлер кеңес мүшелері тарапынан ұсынылған жоқ. Кеңес мүшелері қаулының жобасын ашық дауысқа салып, бекітті.
ҚАУЛЫ:
1.Қамқоршылық кеңес жұмысын реттейтін нормативтік –құқықтық құжаттармен танысу жұмысы қанағаттнарлық деп есептелсін.
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құрылып, бекітілсін.
3. Қамқоршылық кеңестің хатшысы қызметіне бастауыш класс мұғалімі А.Косыбекова тағайындалсын.
4. Мектептегі қосымша ақылы білім беру қызметінінің жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы : Б.Әлиұлы
Хатшы: А.М.Косыбекова
Кеңес мүшелері:
1.УтепбаеваЭ.Х.
2.ЖамбусиноваГ.А.
3.ЖұмағұловаБ.Т.
4.Сарсен Е.С.
5.Абдрахманова Ж.Ә.
6.Тасимов А.Т.
7.Жайманова Ж.А.
8.Ақбергенқызы Ж.
9.Омарханов Ж.Б.
10.КулжановА.Е.
11.ЕрболатовичА.
12.Амангалиев Е.Н.
13.Ерсайинович Н.