Кезекті Қамқоршылық кеңес отырысы
2019 жылдың 29 мамыр күні #60 ЖББОМ-да Б.Әлиұлының төрағалығымен Қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес пен мектеп әкімшілігі арасында бірлескен жұмыстарды атқарып, мектептің жағдайын қадағалау және мектептің оңтайлы дамуына шешімдер қабылдау мақсатында өткен отырыстың күн тәртібінде «2018-2019 оқу жылындағы 11 класс түлектерінің ҰБТ-ға дайындығы» бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Шамгунова тоқталып, «2018-2019 оқу жылы бойынша қорытынды аттестаттау туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Черниязова баяндама жасады. Сонымен қатар директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары И.С. Мураталиваның баяндауымен «2»З» класс оқушысы Джубалова Айшаны аттестаттау туралы» мәселесі де қаралды. Бұдан кейін мектептің бас бухгалтері А.Б. Бекболатова «2018-2019 оқу жылындағы қосымша ақылы білім берудің қаржылық есебі» жөнінде талдау жасады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Б. Турганбаева «Оқушылардың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы» жоспарланған жазғы лагерь жұмыстарын таныстырды. Мектеп директоры А.А.Тажимишев «Педагог мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын педагогтар мен класс жетекшілердің байқауына жүлделік қор тағайындау туралы» өзекті мәселесі аясында талқылау жүргізіп, кеңес отырысын қорытындылады.
Қамқоршылық кеңес отырысынан кейін кеңес мүшелері жоспар бойынша талқылауға алған жазғы тынығу лагері дайындығын бақылау мақсатында жұмыс барысын аралап, кеңірек танысты. Аталмыш жұмыс аясын бақылауда кеңес мүшелері оң бағасын берді.