БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

🏬👩🏼🏫🌅“Директордың тәрбие жұмысы бойынша үздік орынбасары — 2022” облыстық байқауының 1️⃣ орын иегері, @60zhbbom директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турганбаева Мирамгуль Бердибаевнаның видео- жобасын зиялы қауым назарына ұсынамыз.🤗💥✨ 2022 жыл — “Бала жылы” деп аталуына орай мектебімізде бастау алып отырған “Қауіпсіз орта- бала өмірінің кепілі” жобасы аясында балалардың бос уақытын тиімді қамту үшін білім ордасы “Сoworking” коммуникациялық алаңға айналып отыр.☀️🌟📚 Жобаның мақсаты: балалардың зиянды әдеттер мен теріс қылықтардан бойын ада ұстау үшін оларға тұлғалық-шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына, денсаулығын нығайтуға қолайлы орта жасау, БОС УАҚЫТЫ ПАЙДАЛЫ, СҮЙІКТІ ІСТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН БАҚЫТТЫ, САЛАМАТТЫ БАЛАНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тұтқасы! Жобаны заманауи жаңа форматта дайындауда креативті озық идеяларды жүзеге асырған: @60zhbbom “60 LIVE” телестудиясының жалынды жастары.