Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның кітап топтамаларымен таныстырылымы

Саналы, тәрбие негіздерін бойына сіңірген мәдениетті, білімді ұрпақ тәрбиелеудің негізгі кілті -кітапта. Кітап-рухани байлық, ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына. Мектебіміз бұған дейін де өз оқушыларының мәдени,рухани дамуы үшін бар жағдайды жасап, қаншама игі істер атқарды, тың бастамалар көтерді. Сондай шуақты һәм сәулелі ізгіліктің бірі жыл соңында тағы да жалғасын тапты. Адамзат қауымына жол көрсетіп отыратын рухани орталық, мектеп кітапханасы, жастарды ізгілікке тәрбиелейтін, сөздік қорын дамытып, дүниетанымын кеңейтетін, әлдиден фәниге дейінгі тәрбие мектебі — “Отбасы хрестоматиясы» топтамаларымен толықты. Мен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Калдыбаева Мереке Сыдыковна, осы топтаманы оқуға кеңес беремін. Тамыры тереңде жатқан тарихымыздың тереңіне бойлап,тұнығынан сусындаймын, халқымды сүйем, салтын сүйем десеңіздер, мектеп кітапханасына келіңіздер!