Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турганбаева Мирамгуль Бердибаевнаның кітап топтамаларымен таныстырылымы
Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап. Кітапсыз тәлім-тәрбие мен ілім-білімнің орны бос қалатыны белгілі.
«Кітапта алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін»-
деп М. Әлімбаев атамыз жырлағандай кітап-білім көзі. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойды оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да кітап екені анық. Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын деп атақты М. Горький айтқандай кітап оқу- текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізеді. Кітап оқыған адамның жан дүниесі артып, білімі молаяды.Осы орайда «Оқуға құштар-мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру мақсатында #60 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турганбаева Мирамгуль Бердибаевна, сіздерге жаңа бағыттағы кітап тізбегімен танысуға кеңес беремін. Кітапсүйер қауым, өзгерістерді өзіңнен бастап
З.Ахметова «Күретамыр»
О.Жәлелұлы «Харекет»
А,Елгезек»Болмаған балалық щақ»
Ж.К.Роудинг»Гарри Поттер»
Ш.Айтматов»Ақ кеме»
Д.Диспенза»Сила подсознание»
Э.Голдратт»Цель2″
Д.Корнеги» Алаңсыз өмір сүру құпиялары»
Р.Кийосоки «Богатый папа, бедный папа»
«Кемелдену», «Менеджер»
сынды кітаптарды оқуға шақырамын!!!