Жаңа жыл мерекесімен құттықтау!

Құрметті Нұр Ақтөбе ауданы тұрғындары, қымбатты әріптестер, ардақты ата-аналар, ықыласты оқушылар! 

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жыл еліміз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды. Білім беру жүйесіне өзгеріс еніп, карантиндік жағдайда да өз жұмысымызды тоқтатпай, нәтижелі жұмыстана білдік. Жаңа 2021 жылдан еліміз үшін жағымды жаңалықтармен телегей табыс күтеміз. Келер жылда әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке, ырыс алып келсін!

Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа жылдың жарқын парағын ашамыз.

Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын деп тілеймін!

Ізгі ниетпен, #60 ЖББОМ директоры Абзал Амантайұлы